Repetino дегеніміз не?
Repetino — онлайн-репетитор табуға арналған платформа. Репетиторлардың бейне-визиткаларын қарап, өзіңізге сай маманды таңдап, толық онлайн форматта білім ала аласыз.
Сынақ сабақ қанша тұрады?
Алғашқы сабақ — тегін. Оның ұзақтығы — 30 минут
Бір сабақтың бағасы қандай?
Сабақ құнын әрбір репетитор өзі белгілейді. Сіз бронь жасамас бұрын бағаны көресіз де, өзіңізге ыңғайлысын таңдайсыз.
Сабақ қалай өтеді?
Сабақтар платформаның ішінде бейнебайланыс арқылы өтеді. Алдын ала ескерту-хат аласыз. Zoom немесе басқа қосымшаларды пайдаланудың қажеті жоқ.
Repetino-да кімдер сабақ береді?
Тек тәжірибесі бар, білімі расталған, оқушылардан оң пікір алған репетиторлар. Платформаның модерация бөлімі әрбір ұстазды мұқият тексереді.
«Өз» репетиторымды қалай табам?
Бейне-визиткалар мен анкеталарды қарап шығыңыз — ақпарат беру мәнері, тәжірибесі мен қарым-қатынас стиліне назар аударыңыз.
Уақытты өзім таңдай аламын ба?
Иә, сіз сабақ кестесінен өзіңізге қолайлы күн мен уақытты өз бетіңізше брондайсыз.
Қандай пәндер бар?
Платформада мектеп пәндері, шет тілдері, IELTS, ҰБТ және олимпиадаға дайындық курстары бар.
Егер репетитор сай келмесе, ауыстыруға бола ма?
Иә. Техникалық қолдау қызметі төленген сома шеңберінде басқа репетитор таңдауға көмектеседі.
Платформа қандай жас шамасына арналған?
Repetino-да 1–11 сынып оқушыларына, студенттерге және ересектерге арналған репетиторлар бар.